Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мегаполистер мен облыс басшылары тиісті әкім тағайындалғанға дейін өз қызметін атқара береді

26 Қараша 2022, 14:23
996
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы