Елорда ұландары жоғалған смартфонды иесіне қайтарды

26 Қараша 2022, 14:21
736
Бөлісу:
Елорда ұландары жоғалған смартфонды иесіне қайтарды

25 қараша күні сағат 21.30 шамасында "Барыс-Арена" мұз сарайында әскери жасақ  бастығы қатардағы жауынгер Анрей Кокушев пен патрульші қатардағы жауынгерлер Қобылан Жақсылық пен Әділет Шайзада қардан iPhone 13 маркалы ұялы телефонды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Телефонға  иесінен қоңырау келіп түседі. Телефон иесіне  әскерилер тұрған жерін айтады. Азамат келген кезде телефон шынымен оған тиесілі екеніне көз жеткізіп, смартфон қайтарылды. 

Ұлым екеуміз "Барыс-Арена" стадионынан шыққан кезде ұялы телефонымның жоқтығын байқадым. Ұлымның телефонынан мен байланыс орнаттым. Қоңырауға әскерилер жауап беріп, табылған жерді көрсетті. Содан кейін біз кездестік, мен смартфонды аштым. Ұландықтар мүлкімді маған қайтарды. Елордалық бөлімнің әскери қызметшілерінің қырағылығы үшін көп рахмет! - деп азаматша телефонды қайтарғаны үшін ризашылығын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы