Медициналық сақтандыруда жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артып келеді

15 Шілде 2022, 18:55
1595
Бөлісу:
Медициналық сақтандыруда жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. 

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта қор Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 118 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасаған, оның 81-і – жекеменшік емханалар.  Бұл пациенттің үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді. 

Қор филиалы оңалту қызметтерін көрсететін 50 медицина ұйымымен келісімшарт жасаған. Олардың ішінде: жекеменшік – 25, мемлекеттік – 22, республикалық – 3 медицина ұйымы бар.

МӘМС жүйесі «Науқас қайда қаралса, ақысы сонда төленеді» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Пациент қандай да бір тексерулерден өтер кезде Қордың көрсетілетін медициналық қызмет  жеткізушілер тізбесінен медициналық ұйымды таңдауға құқылы. Ол үшін учаскелік дәрігердің немесе өз емханасының тар бейінді/салалық маманының жолдамасы болуы қажет.

Қажетті медициналық қызметті алу үшін қормен осы қызметтерді көрсетуге шарт жасасқан емханалардың кез келгенін таңдауға болады. Қазіргі уақытта қор Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 118 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасады, оның 81-і – жекеменшік клиникалар.  Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Бұл пациенттің үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді. Азаматтар мамандардың консультацияларын алуға, диагностикалық процедуралардан, оның ішінде жеке медициналық ұйымдарда ақылы негізде емес, МӘМС жүйесінде учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша өту мүмкіндігіне ие. Медицина ұйымында науқастарға көрсетілген медициналық қызметтер ақысын қор төлейді, – деп түсіндірді ӘМСҚ елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров. 

Тіркелген жері бойынша емханада қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда дәрігер осы қызметтерді көрсетуге бірлесіп орындау шарты жасалған басқа медициналық ұйымға жолдама беруі тиіс. Немесе пациент Қордың қызмет жеткізушілер тізбесінен осы қызметті көрсететін медициналық ұйымды өзі таңдай алады. Ондай жағдайда учаскелік дәрігер берген жолдама Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде автоматты түрде бірлесіп орындау шартын қалыптастыруға негіз болады. 

Сатып алу жоспары бойынша 2022 жылы елордада  ТМККК аясында және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге 197,5 млрд (оның ішінде ТМККК - 101,0 млрд теңге, МӘМС - 96,5 млрд) теңге бөлінген.

2022 жылдың 7 шілдесіндегі жағдай бойынша медициналық қызмет көрсетудің нақты орындалуы ТМККК аясында 43,7 млрд теңгені құрайды. МӘМС бойынша 42,2 млрд теңге төленген.

Өткен жылмен салыстырғанда, 2022 жылы ота жасау көрсеткіші 10,9%-ға өсті. Тек жоғары технологиялық медициналық көмек қолдану арқылы МӘМС бойынша 11,2 млрд теңге сомасына қосымша 3 989 қызмет көрсетілді. Кардиохирургиялық ота 1219 пациентке жасалса, 142 адамға нейрохирургиялық ота, 155 пациентке ортопедиялық ота, 1094 пациентке трансплантология жасалды, - дейді қордың елордалық филиал басшысы.

Қордың ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызмет жеткізушілер тізбелері fms.kz сайтында «Пациент үшін» бөлімінің «Емхананы таңдау» деген бөлімшесінде мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://fms.kz/kz/kontaktnaya-informatsia/vybrat-kliniku/. Тізімдерден өзіңіз тұратын облыс немесе аймақты, содан кейін медициналық көмек түрін таңдауыңыз керек. Сондай-ақ мұнда ЭКҰ, медициналық оңалту қызметтерін жеткізушілер тізбелері, мезгіл-мезгіл жаңартылып отыратын бірлесіп орындаушылар тізбелері де жарияланады.

Консультациялық-диагностикалық қызметтер (стоматология, рентгенография, ПТР-тестілеу, КТ және МРТ) жеткізушілер тізбелерін мына сілтеме бойынша: https://fms.kz/kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/ қарауға болады.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы