Медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды

7 Наурыз 2019, 17:37
1704
Бөлісу:
Медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды

Астана. BAQ.KZ. Айбатыр Жұмағұлов «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

«Айбатыр Нышанбайұлы қаржылық құрылымдарда мол тәжірибе жинақтаған білікті маман. Ұлттық экономика министрлігінде еліміз үшін маңызы бар жобаларға жетекшілік етті. Бұл тәжірибенің Медициналық сақтандыру қорында пайдаға асары даусыз. Қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде көрсетілетін қызметтерді стратегиялық сатып алушы статусына ие. Жұмыстың ашық, жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз ету қажет. МСҚ қаржылық институт ретінде қаншалықты тиімді жұмыс істесе, реформаның іске асырылуы да табысты болмақ. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейтін қызмет. Жаңа басшының бұл міндеттерді абыроймен атқаратынына сенімім мол», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Айбатыр Жұмағұлов әр жылдары ҚР Индустрия және технологиялар министрлігінде, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ-да еңбек етті. «Baur Kazakhstan» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің мүшесі, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрағасы болды. 2017 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

 

Өзгелердің жаңалығы