Мединадан эвакуацияланған қазақстандықтар тобы мінген алғашқы ұшақ Атырауға қонды

FlyDubai авиакомпаниясы бұған дейін Дубайдан 306 адамды алып келген.

 Atyrau Today Бүгiн 2026, 05:37
Бүгiн 2026, 05:37
213
Фото: Atyrau Today

Он күн бұрын Сауд Арабиясына қажылыққа аттанған алғашқы қазақстандықтар ұшағы Атырауға қонды. Бұл топ 28 ақпанда Таяу Шығыстағы қақтығыстардың басталуына байланысты аймақтан кетуде қиындықтарға тап болды. Бортта 200 адам болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Atyrau Today сайтына сілтеме жасап.

Бүгін түстен кейін қажыларды алып кету үшін төрт рейс ұшты: үшеуі Атырауға, біреуі Ақтауға қонады.

Келіп жатқандардың арасында Қазақстанның әртүрлі қалаларының: Алматы, Шымкент, Астана және елдің басқа да аймақтарының тұрғындары бар. Тіркеуді аяқтағаннан кейін олар бірден туған қалаларына ұшады.

Жолаушылардың айтуынша, Мекке, Джидда және Мединадағы жағдай тыныш, үрей болған жоқ.

Наверх