«Медеу» мұз айдынында 50-мерейтойлық маусым ашылды

6 Қараша 2021, 17:40
2590
Бөлісу:
«Медеу» мұз айдынында 50-мерейтойлық маусым ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Медеу» мұз айдынында 50-мерейтойлық маусым ашылды. Бұл туралы мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram-дағы парақшасында жазды.

Қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ескеріліп, мұз айдыны 2500-ден астам адам қабылдай алады. Мұз айдынына кіргізу Ashyq жүйесі арқылы жүргізіледі.

Сеанс 3 сағатқа дейін созылған. Демалыс пен мереке күндері кешкі мұз айдыны түн ортасына дейін жұмыс істейді, - деді әкім.


Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «Медеуден» шығатын №12 бағытындағы автобустың соңғысы түнгі сағат 00.30-да шығады. Сонымен қатар Балуан Шолақтан – «Медеу» мұз айдыны бағыты бойынша экспресс-маршруттың жұмысы қайта жанданды. Алғашқы күндері экспресстер демалыс пен мереке күндері 9.00-ден 19.00-ге дейін жүреді.

Өзгелердің жаңалығы