Медеу бөгеті маңында тас опырылып түскен

12 Сәуір 2023, 12:30
908
Бөлісу:
Медеу бөгеті маңында тас  опырылып түскен
Фото: kk.wikipedia.org

Медеу бөгеті маңындағы тастардың құлауы туралы жедел ақпарат келгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 11 сәуірде түнде «Қазселденқорғау» ММ Алматы өндірістік қалалық пайдалану басқармасының филиалынан жауапты учаскеде (бекет бөгет жотасында орналасқан) болған «Қазселденқорғау» маманының «Мохнатка» тауы маңында, Медеу бөгетінің тұсынан 300 м жоғары (Медеу Шымбұлаққа барар жолда) жағында көлемі шамамен 20м3 тас опырылып түскенін анықтағаны туралы хабарлама түсті.

Жауын-шашын мен көшкін қаупіне байланысты алдын ала қойылған блокбекеттердің (Қазселденқорғау, ПД, ТЖД, мүдделі ұйымдар қызметкерлері) арқасында адамдардың зардап шегуіне жол берілмеді

Тастардың көп бөлігі қорғаныс қабырғасының ішінде құлап, алайда қорғаныс қабырғасы, сондай-ақ қорғаныс торлары зақымдалған, 2 тіреу майысқан.

Таудан тастардың қайта құлау қауіпіне байланысты «Қазселденқорғау» ММ мамандары «Медеу» табиғи паркі КММ автожол учаскесін толық жабу туралы ұсынымдар берді.

Қазіргі уақытта жол (Медеу-Шымбұлақ) жабылды. Жұмыстарды қала қызметтері жүргізуде.

Алматы қ. ТЖД мен Қазселденқорғау алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына Қазгидрометтің жауын-шашын туралы болжамына байланысты тауға барудан бас тартуға кеңес береді.

Сонымен қатар тауда қалған туристерге барлық қауіпсіздік шараны сақтауға кеңес береді.

Егер сізге көмек қажет болса, 112, 109 немесе 8(727) 372 -15-60 ( ТЖМ РЖҚЖ ММ кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) желілеріне қоңырау шалыңыз.

Өзгелердің жаңалығы