ҚМДБ: Қарағандыда ауруханаға ИВЛ аппараттары табысталды

23 Тамыз 2020, 21:12
1171
Бөлісу:
ҚМДБ: Қарағандыда ауруханаға ИВЛ аппараттары табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс-шара аясында Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында берекелі іс-шара жүзеге асты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысындағы өкілдігі, «Зекет» қорының өкілдігі мен «Жыржыс қажы» мешітінің ұйымдастыруымен Бұқар жырау ауданындағы №1 ауруханада ем алып, өмір сүру үшін күресіп жатқан науқас жандарға 3 ИВЛ аппараты және 6 арнайы демалтқыш құралы көмек ретінде жеткізілді.

Науқас жанды зиярат етіп, оған демеу көрсету – ардақты Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) қалған сүннет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) садақа жайында: «Мұсылманның садақасы ғұмырын ұзартады. Оны мезгілсіз өлімнен сақтайды. Күпірлік пен мақтаншақтықтан аластатады»,- деген. Осы игі шараның жүзеге асуына атсалысқан барша жомарт жандарға, дін қызметкерлеріне алғыс айтамыз, - дейді Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей.

Діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай Қарағанды өңірінде атқарылар 30 игі іс-шара осымен тоқталмақ емес.

Өзгелердің жаңалығы