Мәжілістің жалпы отырысында қандай заң қаралады?

21 Маусым 2023, 00:27
793
Бөлісу:
Мәжілістің жалпы отырысында қандай заң қаралады?
Фото: Артём Чурсинов

Мәжілістің жалпы отырысында бірнеше заң жобалары қаралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жылумен жабдықтау саласындағы басқарудың, тартылған қаржы қаражатын жылу энергиясын өндіру және беру объектілерінің нысаналы пайдалануы мен инвестициялық бағдарламаларды орындауының тиімділігіне мемлекеттік аудит» туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасының есебін тыңдайды.

Сондай-ақ жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша түзетулер – бірінші оқылымда, ал «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасы – екінші оқылымда қаралады.

Сонымен қатар депутаттар процестік заңнаманы жетілдіру, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі шешу мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы