Мәжілісте баспа басылымдарының мәселелері талқыланды

28 Наурыз 2024, 13:09
504
Бөлісу:
Мәжілісте баспа басылымдарының мәселелері талқыланды
Фото: скрин

Бүгін мәжілісте жаңа заң жобасы талқылануда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде баспа басылымдарын мемлекеттік қолдау» заң жобасы дөңгелек үстел барысында талқыланды.

Республиканың түкпір-түкпірінен дөңгелек үстелге қатысқан журналистер, депутаттар мен ақпараттық агенттіктердің басшылары жаңа заң аясында өзіндік ұсыныстарын білдірді.

Соның бірі – өңірлердегі мерзімді басылым мәселесі. Дөңгелек үстелде сөз алған Анас Бакхожаев газеттер арасындағы бәсекелестікті азайту керек және аналитика жоқтың қасы деді.

Мәжілісте баспа басылымдарының мәселелері талқыланды

Ал депутат Ринат Зайытов басты мәселені газет оқитын оқырмандардың болмауы деп атады.

Қазақстанда мемлекеттен қаржы бөлініп, газеттер уақытында шығып жатыр. Бірақ оны оқитын оқырман жоқ. Себебі газет оқу мәдениеті жоқ. Сондықтан медиаменеджментті дамыту керекпіз, - деді ол.

Мәжілісте баспа басылымдарының мәселелері талқыланды

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямерген де осы медиаменеджментпен айналысатын адамдардың болуын талап етіп, журналистердің мәртебесі туралы айтты. Оның сөзінше журналист мемлекеттік қызметкер емес, бірақ олардың жағдайын жасауға мүмкіндіктер жасауға болады.

Өзгелердің жаңалығы