Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мәжілісте анасын құттықтаған Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
17 Қыркүйек 2025, 17:47
570
Бөлісу:
 - архив/ BAQ.KZ
Фото: - архив/ BAQ.KZ

Парламент мінберінде анасын туған күнімен құттықтаймын деп сынға қалған депутат Ардақ Назаров өзіне қатысты айтылған сындарға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен қылмыс жасаған жоқпын, адам өлтірген жоқпын. Мен тек анамды құрметтедім. Бұл – менің отбасыма қатысты дүние. Мұнда ешқандай әбестік жоқ. Керісінше, ананы құрметтеу – әр азаматтың парызы, – деді Назаров Мәжіліс отырысынан кейін берген сұқбатында.

Ол қоғам тарапынан айтылған сынға сабырмен қарап, өзін қолдаған әріптестеріне алғысын білдірді.

Парламентте бұл мәселе ресми түрде қаралған жоқ. Құдайға шүкір, мені қолдайтын әріптестерім бар. Ер азамат ретінде бұл сынды қабылдаймын. Бұл өмір – майдан. Майданда ер жігіт шынығады, өседі. Мен үшін бұл – тәжірибе. Бұдан да қиын сәттерді өткердік. Біз сабырлы болу арқылы бәрін жеңеміз, – деді депутат.

Айта кетейік, Депутат Мәжілісте анасын туған күнімен құттықтаған болатын. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жағдайға байланысты пікірін білдірген еді.

Сондай-ақ Ардақ Назаров қай жерде жүрсең де, ата-анаға құрметті ұмытпау керек екенін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы