Мәжілісмен балаларға қатысты кибербуллинг туралы заңдағы түзетулерді түсіндірді

1 Сәуір 2022, 22:25
1931
Бөлісу:
Мәжілісмен балаларға қатысты кибербуллинг туралы заңдағы түзетулерді түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева айтты. 

Оның мәліметінше, түзетудің мақсаты – балаларды кибербуллинг дерегі бойынша шұғыл әрі жылдам қорғау механизмдерін қарастыру. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының деректері бойынша, 11-15 жастағы балалардың 12%-ы кибербуллинге ұшыраған немесе қатысқан.

Қазіргі уақытта өздеріңіз білетіндей, балаларға қатысты, кибербуллингке қатысты нормалардағы түзетулер қызу талқыланып жатыр. Бұл түзетулер цензура енгізу мен әлеуметтік желілерді өшіруге әкелуі мүмкін деген де пікірлер бар. Осыған байланысты бірнеше аспектіні атап өткім келеді, – деді мәжілісмен.

Біріншіден, заңнама шеңберінде кибербуллингтің тек балаларға ғана қатысты түсінігі қарастырылады. Жүгіну тәртібі мен механизмінің де тек балалар кибербуллингі дерегіне қатысы бар. Екіншіден, 2014 жылғы «Байланыс туралы» заңның 41-бап 1)-тармақшасында уәкілетті органның байланыс құралдарының әлеуметтік желі жұмысын шектеу бойынша құзыреті қарастырылып, бекітілген,  – атап өтті ол. 

Сонымен қатар аталған заңда желілердің жұмысы тоқтатылатын немесе белгілі материалдарға рұқсат шектелетін негіздемелер айқын көрсетілгенін алға тартты. 

Мәселен, 2021 жылы қолданыстағы заңнамаға сәйкес 10227 материалға қолжетімділік шектелді. Одан басқа, цензураның орын алу тәуекелін ескере отырып, заңға қайшы контент бойынша барлық негіздеме, тізбе «БАҚ туралы» қолданыстағы заңнаманың 13-бабында көрсетілгенін айта кеткім келеді. Сондай-ақ «Байланыс туралы» заңда да ол бар. Сәйкесінше, азаматтардың ешқандай сыны немесе мемлекеттік органдардың, олардың өкілдерінің әрекеті бұл тізбеге енбейді. Осылайша, уайымдауға еш негіз жоқ деп санаймыз, – деді Динара Зәкиева. 

Өзгелердің жаңалығы