Мәжіліске өткен партияларға қанша депутаттық мандат беріледі?

27 Наурыз 2023, 12:28
1720
Бөлісу:
Мәжіліске өткен партияларға қанша депутаттық мандат беріледі?
Фото: Артём Чурсинов

Орталық сайлау комиссиясының отырысында елімізде өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сайлау қорытындысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жариялады. 

Сонымен, 5 және одан жоғары пайыз дауыс жинаған саяси партиялар арасында депутаттық мандат төмендегідей бөлінді: 

Amanat партиясы - 40 мандат;

 «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 8 мандат;

Respublica партиясы - 6 мандат;

Қазақстан халық партиясы - 5 мандат;

 «Ақ жол» демократиялық - 6 мандат;

«Жалпыұлттық социал-демократиялық патриоттық партиясы» - 4 мандат.

Өзгелердің жаңалығы