Мәжіліске Моңғолия Ұлы мемлекеттік хуралы делегациясы келді

23 Маусым 2023, 19:28
870
Бөлісу:
Мәжіліске Моңғолия Ұлы мемлекеттік хуралы делегациясы келді
Фото: ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Парламент Мәжілісіне Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралы делегациясы келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Делегация палата вице-спикері Дания Еспаевамен және парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі топ мүшелерімен кездесті. 

Дания Еспаева екі елдің саяси жолдағы ынтымақтастығы терең тарихи байланыстарға негізделгенін айтты. 

Мәжіліске Моңғолия Ұлы мемлекеттік хуралы делегациясы келді

Моңғолия – Қазақстанның Азия өңіріндегі маңызды серіктестерінің бірі. Биыл Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық қатынас пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл толады. Біздің қарым-қатынасымыз өзара сенімге, мәдениеттеріміз бен дәстүрлеріміздің ұқсастығына негізделген, – деді Дания Еспаева. 

Мәжіліске Моңғолия Ұлы мемлекеттік хуралы делегациясы келді

Бұдан соң делегация «Қазақстан-Моңғолия» парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі топ мүшелерімен кездесті. 

Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының депутаты, «Моңғолия-Қазақстан» парламенттік достық тобының жетекшісі, делегация басшысы Бәделхан Қабдисламұлы ел көппартиялы жүйеге көшіп, мемлекеттік деңгейде үлкен саяси реформалар жүріп жатқанын атап өтті. 

«Қазақстан-Моңғолия» парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі топ жетекшісі Нұртай Сабильянов шілде айында Монғолияда қазақтардың кіші құрылтайы өтетінін және оған Мәжіліс депутаттары арнайы барып қатысатынын жеткізді. 

Сапар барысында делегацияға елордаға экскурсия ұйымдастырылып, Мәжіліс үйі мен оның қызметі танысытырылды.

Өзгелердің жаңалығы