Мәжіліске кедендік баждарды, салықтарды төлеуге қатысты заң жобасы таныстырылды

20 Сәуір 2023, 10:56
1144
Бөлісу:
Мәжіліске кедендік баждарды, салықтарды төлеуге қатысты заң жобасы таныстырылды
Фото: nalogikz.kz

Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері туралы Келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары бекітілді. Стратегиялық бағыттардың бірі - Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар транзитінің бірыңғай жүйесін дамыту, оның ішінде тауарлар транзиті кезінде кепілді тетіктерді жетілдіру.

Ұсынылып отырған келісімге 2022 жылғы 19 сәуірде Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған.

Келісімнің ерекшеліктері:

- кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті орындауды бас қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктерін;

- кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілгерлікті қолдану ерекшеліктерін айқындайды.

Келісімде айқындалған шарттарға сәйкес келетін декларанттардың бас қамтамасыз етуді аз мөлшерде ұсыну мүмкіндігі Келісімде белгіленген. Осыған орай, декларантқа бас қамтамасыз етуді пайдалану кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету сертификатын ресімдеу мүмкіндігі берілген бас қамтамасыз етудің мөлшерінен 20%-ға және 30%-ға асатын жалпы сомаға берілу мүмкіндігі бар, - деп түсіндірді Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі.

Бұдан басқа, қамтамасыз ету туралы Келісім кепілгерлікті дамытуға бағытталған.

Келісімді ратификациялау елімізде «Кепілгерлік» институтын дамытуға, сол арқылы тауарларды тасымалдау кезінде біздің ұлттық тасымалдаушыларымыздың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «Кепілгерлікті» дамыту қаржы институттарына осы салада өз мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға, сондай-ақ жеке инвестицияларды тартуға және ЕАЭО алаңында бәсекелестік орта құруға мүмкіндік береді, - деп толықтырды ол Мәжілісте.

Келісім ратификацияланғаннан кейін оның ережелерін ұлттық заңнамаға имплементациялау талап етілмейді.

Сонымен қатар келісімді іске асыруға байланысты бюджеттен қосымша қаржы шығындары талап етілмейді.

Депутаттар таныстырылған заң жобасына қатысты қаулыны қабылдап, тиісті шешім шығарды.

Өзгелердің жаңалығы