Мәжіліс жол жүрісіне қатысты заңды жұмысқа алды

28 Ақпан 2024, 10:29
774
Бөлісу:
Мәжіліс жол жүрісіне қатысты заңды жұмысқа алды
Фото: BAQ.KZ -архив

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті үш жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады:
– "Жол жүрісі туралы" заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру;

- Жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер;

– Туристік индустрияны қолдау мәселелері бойынша заң жобасы.

Алғашқы екі заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленген.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов жол жүрісіне қатысты заң жобасының негізгі мақсатын түсіндірді.

Заң жобалары шағын электр және көлік құралдарының жекелеген түрлерін пайдалануды құқықтық реттеуге, сондай-ақ жол қауіпсіздігін цифрландыруға бағытталған. Сонымен қатар тұлғалардың көлік құралын рұқсат етілген жүру жылдамдығын едәуір арттырғаны үшін, жолдар мен жол құрылыстарын ұстауға байланысты жасаған құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік қарастыру ұсынылады, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы