Мәжіліс төрағасы ретінде Қошановтың кандидатурасы ұсынылды

29 Наурыз 2023, 12:10
2275
Бөлісу:
Мәжіліс төрағасы ретінде Қошановтың кандидатурасы ұсынылды
Фото: inform.kz

Мәжіліс төрағасы ретінде AMANAT партиясының атынан Ерлан Қошановтың кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов кандидатты ұсынды.

VIII шақырымдағы Парламент Мәжілісі төрағалығына Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынамын. Ерлан Жақанұлы мемлекеттік, орталық және аймақтағы мемқызметтердің басында болды. Ол бірінші сайланымдағы Сенат депутаты, Қарағанды облысының депутаты, Президент Әкімшілігінің басшысы, VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің төрағасы, AMANAT партиясының төрағасы қызметтерін абыроймен атқарып келеді, - деді ол.

Ол әріптестерінен өзі ұсынған кандидатты қолдауды сұрады.

Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы лауазымына бір ғана кандидат ұсынылды. Ол – Ерлан Жақанұлы Қошанов.
Қошановтың кандидатурасы жасырын дауыс беруге арналған тізімге енгізілді.

Депутаттар осыған қатысты дауыс беріп, тиісті қаулы қабылады.

Парламент Мәжілісі регламентінің 24 және 121-тармақтарына сәйкес депутаттар жасырын дауыс беруді өткізу және оның нәтижесін анықтау үшін санақ комиссиясының сайлады. 

Комиссия 7 адамнан құрылды.

Санақ комиссиясының құрамы:

1. Жанарбек Әшімжанов

2. Жигули Дайрабаев

3. Наталья Дементьева

4. Қазыбек Иса

5. Асхат Рахымжанов

6. Ислам Сұңқар

7. Айдарбек Қоджанасаров

Санақ комиссиясы отырысы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы