Мәжіліс төрағасы өз таңдауын жасады

20 Қараша 2022, 09:35
812
Бөлісу:
Мәжіліс төрағасы өз таңдауын жасады

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спикер өз даусын Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде берді.

Мәжіліс төрағасы өз таңдауын жасады

Біз барлық өңірді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көрдік. Сайлауға деген қызығушылығы жоғары. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты екенін түсінеді. Сондықтан бүгін сайлау учаскелеріне дауыс берушілер өте көп келеді деп ойлаймын. Мен еліміздің болашағы, тұрақты дамуы үшін дауыс бердім, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы өз таңдауын жасады
Өзгелердің жаңалығы