Мәжіліс таратылуы мүмкін бе? Қошанов жауап берді

15 Маусым 2022, 13:28
1363
Бөлісу:
Мәжіліс таратылуы мүмкін бе? Қошанов жауап берді
Фото: Baq.kz архив

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты. 

Мәжілістің таратылуына бүгінгі күні заңды негіз жоқ. Қазір біздің басты мақсатымыз – Конституцияға енгізілген өзгерістерді заңдастыру. Ол бойынша 30-ға жуық заң жобасы бізге түседі. Сол заң жобаларын жылдың соңына дейін қабылдауымыз керек. Мәжілістің таратылуы, таратылмайтынын Президент шешеді. Сондықтан бұл дүниеде бәрі мүмкін, - деді Қошанов. 

Мәжіліс спикері, әйелдердің зейнет жасы туралы да өз пікірін айтты. 

Бұл мәселеге жеңіл қарауға болмайтын шығар. Себебі бұл мәселені жан-жақты қарау керек. Бүгінгі таңда мұндай ұсыныстар жиі айтылып жатыр. Оны біз білеміз. Өңірлерге барған кезде де ондай мәселе көтерілді. Осы мәселенің барлығын қарау керек. Ол бойынша Үкімет тиісті жұмыс істеп жатыр. Аяғында қандай нәтиже болатынын көреміз. Жеке пікірім, менің қолымда болса, әрине, қысқартуға тырысатын едім, - деді Ерлан Қошанов.  

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдум нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол Парламентті заң шығару қызметiн жүзеге асыратын, қос Палатадан: Сенат пен Мәжіліспен тұратын жоғары өкiлдi орган ретінде айқындады.

 

Өзгелердің жаңалығы