Мәжіліс спикері: Билікке сын көзбен қарайтын азаматтардың өзі референдумды қолдап отыр

3 Маусым 2022, 12:15
1404
Бөлісу:
Мәжіліс спикері: Билікке сын көзбен қарайтын азаматтардың өзі референдумды қолдап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Хабар» телеарнасының эфирінде өтіп жатқан «Референдумға барамын» телемарафонында Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, реформа халық арасында қолдау тауып отыр.

Оны мен үлкен жауапкершілікпен айта аламын. Себебі таяуда ғана Мәжіліс депутаттары, Amanat партиясының өкілдері, басқа да қоғамдық штабтар құрылып, қоғам белсенділері ел-елді аралап келді. Мен өзім де бірнеше өңірде болдым. Азаматтардың, халықтың басым көпшілігінің осы реформаларды қолдап отырғанына өзіміз куә болдық. Тіпті, көп мәселелерде билікке сын көзбен қарайтын азаматтардың өзі осы референдумға барамыз, дауыс береміз дегенін өз құлағыммен естідім, - деп ағынан жарылды Мәжіліс спикері. 

Сонымен қатар ол реформаларға халықтың көзқарасы оң екендігін алға тартты. 

Басты құндылық – адам екені белгілі. Сондықтан осы референдумның басты кейіпкері де – адам, адам құқығы, құндылығы. Конституциялық құқығының қорғалуы мәселелері қамтылғаннан кейін де азаматтарымыз реформаларға оң көзбен қарап, қолдап отыр. Тек қана біздің қоғам емес, бүкіл әлем жұртшылығы, қауымдастығы дұрыс баға берді, - деді Ерлан Қошанов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы елдегі реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқандығын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы