Мәжіліс сот қызметіне қатысты екі жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады

18 Қаңтар 2023, 10:27
887
Бөлісу:
Мәжіліс сот қызметіне қатысты екі жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар судьялардың жұмысына қатысты екі заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша қорытынды әзірледі.

Бұл заң жобалары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында бір топ Парламент депутаттары әзірледі. Заң жобалары корпусының кәсібилігін және олардың тәуелсіздігін арттыруға, сондай-ақ судья лауазымына кандидаттарды даярлаудың, біліктілікті арттырудың, шекті жасты ұлғайтудың, жұмыс істеп жүрген судьялардың өкілеттерін тоқтата тұрудың және тоқтатудың бірқатар мәселесін Жоғарғы соттан Жоғары сот кеңесіне беруге бағытталған түзетулерді көздейді, - деп айтты депутат.

Бұл заң жобаларын қабылдау соттардың қызметін жетілдіруге, жергілікті жерлерде судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға, апелляциялық сатыдағы соттың істерді мәні бойынша қарау өкілеттігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Заң жобаларына депутаттар дауыс беріп, жұмысқа қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы