Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

9 Ақпан 2023, 16:24
1314
Бөлісу:
Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды
Фото: KAPITAL.KZ

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров комиссия отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылғы 19 наурызға белгіленген Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес  8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 18.00-де барлық өңірде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды, - деді ОСК мүшесі.

ОСК партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының бір бөлігін сайлауға қатысуға барлық 7 саяси партияны жіберді.

Парламент Мәжілісінде 98 депутат болады. Олардың 69-ы партиялық тізімдер бойынша, ал 29-ы бірмандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады. Кандидаттарды ұсыну бойынша құжаттар ОСК-ға саяси партиялардан  және және округтік сайлау комиссиясына бірмандаттық аумақтық округтерден ұсынылды, - деп айтты Петров ОСК отырысында.

Өзгелердің жаңалығы