Мәжіліс «Елбасы туралы» заңның күшін жоюды қарайтын комиссияға енетін депутаттарды бекітті

11 Қаңтар 2023, 11:48
1210
Бөлісу:
Мәжіліс «Елбасы туралы» заңның күшін жоюды қарайтын комиссияға енетін депутаттарды бекітті

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» заңның  күшін жоюды қарайтын комиссияға енетін депутаттарды бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау мәселесі қаралды. 

Комиссия құрамына 3 депутат және қосымша баяндама жасаушы кіретін болды.

Парламент регламентінің 32-5-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» контитуцилық заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына Мәжілістен келесі депутаттарды ұсынамыз: Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Ерубаев Серік Сәрсенұлы, Смайлов Ерлан Валерийұлы, - деді депутат Арман Қожахметов.

Сонымен қатар депутат Арман Қожахметовты Парламент Мәжілісінің атынан бұл заң жобасы бойынша қосымша баяндамашы ретінде белгілеу ұсынылды.

Бүгін Конституциялық сот Елбасы туралы заңның күші жойылғанын хабарлаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы