Мәжіліс Елбасы туралы заңды қарауға алды

28 Желтоқсан 2022, 10:08
819
Бөлісу:
Мәжіліс Елбасы туралы заңды қарауға алды

Мәжіліс депутаттары «Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Конституциялық заңының жобасын қарауға алды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасын депутат Арман Қожахметов таныстырды.

Бұл заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Атап айтатын болсақ, биыл 8 маусымдағы заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды, - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Сөзінше, осыған байланысты, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді.

Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заңды қарауға алды.

Өзгелердің жаңалығы