Мәжіліс депутаты Жоғары сот судьясы болып сайланды

10 Маусым 2021, 10:51
3175
Бөлісу:
Мәжіліс депутаты Жоғары сот судьясы болып сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғары сот судьясы қызметінен босатылып, орнына жаңа адам сайланды.

ҚР Президентінің ұсынуы негізінде және конституциясының 55-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңның 34-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті мынадай қорытындыға келді: Парламентінің Сенатына Денис Шиппті басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатуға ұсыныс жасалсын,- делінген Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің қорытындысында.

Оның орнына Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды.

Қанат Мусин 1966 жылы туған. Заңгер мамандығы бойынша өзінің еңбек жолын 1989 жылы Целиноград қаласының прокуратура органдарында бастағпн.  

1992-1998 жылдары тергеуші, прокурор-криминалист, бөлім бастығы, Ақмола қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болды.

1998 жылғы маусымда Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

1998 жылғы қарашадан бастап Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2001 жылдан бастап қаржы полициясы органдарында қызмет өткерді.

2007-2010 жылдары қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының бас сарапшысы, бас инспекторы, меңгерушісінің орынбасары болды.

2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, орынбасары.

2012 жылы Астана қаласы әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.


Өзгелердің жаңалығы