Мәжіліс депутаты Түркиядағы сайлау туралы ойын айтты

14 Мамыр 2023, 17:48
819
Бөлісу:
Мәжіліс депутаты Түркиядағы сайлау туралы ойын айтты
Фото: parlam.kz

Түркияда өтіп жатқан президент және парламант сайлауында бақылаушы болған жүрген Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлау басталып, онда бақылау миссиясы атынан бақылаушы болып келген мәжілісмендер Анкарадағы сайлау учаскелерін аралап жүр.

Имам Хатип лицейінде 13 сайлау учаскесі бар екен. Он үш сынып бөлмесіне орналастыра салған, аядай ғана бөлме. Осы учаскелерде үш мыңға жуық адам дауыс береді екен. Учаскелерде ғана емес сайлау бюллетендерінде де ерекшеліктер бар екен. Жалпы, Түркиядағы сайлаудың артықшылықтары мен өзімізге байқалған кемшіліктері туралы алдағы уақытта толықтырып жазамын, - деді депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы