Мәжіліс депутаты ақмолалық құтқарушыларға референдумға қатысудың маңыздылығын түсіндірді

1 Маусым 2022, 16:00
1017
Бөлісу:
Мәжіліс депутаты ақмолалық құтқарушыларға референдумға қатысудың маңыздылығын түсіндірді
PHOTO

Мәжіліс депутаты және  ТЖМ өкілдері жұмыс сапарымен Ақмола облысына келіп, онда бірнеше күн бойы халық қалаулылары мен облыстың ТЖ департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өткізеді, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Мәжіліс депутаты ақмолалық құтқарушыларға референдумға қатысудың маңыздылығын түсіндірді

Бүгін, 1 маусымда Мәжіліс депутаты Щучинск қаласының жасағының қызметкерлеріне Конституцияға ұсынылған өзгерістерді түсіндірді. Кездесуге азаматтық қорғау органдарының 100-ден астам қызметкері қатысып, болашақ референдум туралы өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.

Болашақ референдум барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды оқиға, өйткені референдум арқылы конституцияға 1995 жылдан бастап өзгерістер енгізілген жоқ. Біздің республикамыздың әрбір азаматы, азаматтық қорғау органдарының қызметкері осы маңызды саяси оқиғаға қатысуға және өз ұстанымын білдіруге құқылы, - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин.

Мәжіліс депутаты ақмолалық құтқарушыларға референдумға қатысудың маңыздылығын түсіндірді

Ертең Мәжіліс депутаты Көкшетау қаласына барып, Ақмола облысы ТЖД қызметкерлерімен кездесуін жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы