Мәжіліс депутаттығына үміткер үшін төленетін жарна мөлшері қандай?

5 Қараша 2020, 17:31
2027
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттығына үміткер үшін төленетін жарна мөлшері қандай?
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың әрбір адам үшін төленетін жарнаның қанша болатынын айтты.

Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Ортсайлаукомның шотына партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді, - деді ол.
 

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, сайлау жарнасының мөлшері, осы сайлауда партиялық тізімге енгізілген әрбір тұлға үшін 637 500 теңгені құрайды. 
 

Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының 7 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. Өздеріңіз білетіндей, бұл үш саяси партия: «Nur Otan» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы, - деп толықтырды Петров.
 


 

Өзгелердің жаңалығы