Мәжіліс депутаттары төтенше жағдай жарияланған ауылдарға барды

8 Сәуір 2022, 15:52
1606
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары төтенше жағдай жарияланған ауылдарға барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Құлшар Мәлік пен Снежанна Имашева Батыс Қазақстан облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Мәлік Құлшар Қаратөбе ауданындағы Шалғын ауылында балалардың оқуы ұйымдастырылған ауылдық клубта мектеп оқушылармен тілдесіп, мән-жайды талқылады. 

Мәжіліс депутаттары төтенше жағдай жарияланған ауылдарға барды

Негізгі мектептің ғимаратына су кіріп, бөлмелердің ортасы құлаған. Қазір оқушылар уақытша Ауылдық клубта білім алып жатыр. Ауылдағы 45 үйдің 29-на су кірген, 23-і тұруға келмейді. Ауыл тұрғындары су кірмеген үйлерге, 3-4 жанұядан бөлініп орналасқан. Құлағалы тұрған үйлерді сараптау жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. Ауыл халқы ешқайда көшпей, жаңа мектеп те, үйлер де осы ауылға салынса деген өтініштерін жеткізді, – деді депутат.

Сондай-ақ ауданда төтенше жағдай жарияланғандықтан ешқандай конкурссыз қаржы қарастыру мүмкіндігі бар екенін айтып, құрылған комиссияның шешімімен апатты жағдайдағы мектеп орнына 60 орындық білім ордасының құрылысы басталатынын жеткізді. 

Мәжіліс депутаттары төтенше жағдай жарияланған ауылдарға барды

Облыстағы төтенше жағдай жарияланған тағы бір аудан – Шыңғырлау. Мұнда су тасқыны қора-жайлар мен көпірлерді шайып кеткен. Депутат Снежанна Имашева іссапар барысында аудандағы Қайыңды ауылына бет бұрып, бұзылған көпірді қалпына келтіру жұмыстарын көріп қайтты. 

Тасқын су Шыңғырлау-Сегіз сай жолын бірнеше жерден бұзып кеткен. Алмазный, Сегізсай ауылдарының тұрғындары облыс орталығымен байланыссыз қалды.  Су тасқыны кезінде оларды қайықпен тасымалдаған. Су тартығанымен, тасқынның салдары әлі жойылған жоқ.  Барлық бұзылған нысандар қалпына келтіріледі. Бірақ алдағы уақытта бекіністер мен су өткізгіштері бар көпірлер салу қажет, – деді Снежанна Имашева. 

Сапар барысында депутаттар жергілікті билік өкілдерімен бірге облыстағы Бөрлі ауданы Қызылтал ауылындағы су тасқынынан зардап шеккен үйлерді аралады. 

Алдағы уақытта су тасқынынан қорғану үшін арнайы нысан салу жоспарланып отыр. Өз кезегінде, мемлекет тарапынан көмек көрсетілетіні айтылып,  депутаттар мәселелерді өздерінің жіті бақылауында ұстайтынын жеткізді. 

Өзгелердің жаңалығы