Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерде жүр

30 Наурыз 2024, 12:12
354
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерде жүр

"Ақжол" партиясының аудандық, қалалық деңгейдегі депутаттары мен еріктілері де су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын беруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжіліс депутаты Асқар Садықов те су басқан аймақтардағы ахуалмен танысу үшін Ақтөбе облысына барды. Депутаттар ұшақтан түсе салысымен Қобда ауданына жол тартқан.

Су басқан аймақта 237 үй бар, жергілікті әкімшілік шұғыл әрекет етті. Тұрғындар мектептер мен колледждерге орналастырылып, ыстық тамақ пен жатын орын жеткілікті деңгейде ұйымдастырылған. Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары мен облыс әкімінің орынбасары аудандық штаб жұмысын үйлестіріп отыр, - деп жазды "Ақжол" фракциясының депутаты Асқар Садықов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы