Мәжіліс азаматтардың еңбек құқықтарын қорғайтын заңды жұмысқа алды

14 Ақпан 2024, 10:49
379
Бөлісу:
Мәжіліс азаматтардың еңбек құқықтарын қорғайтын заңды жұмысқа алды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжіліс жалпы отырыста жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол мынадай заңдар:

– Су кодексінің жобасы мен су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ілеспе түзетулер; 
– Қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау туралы заң жобасы;
– "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы.

Заң жобасы аясында мемлекеттік еңбек инспекциясының рөлін күшейту, еңбек дауларды реттеу рәсімдерін және қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы келіссөздер процестерін ұйымдастыруды оңайлату көзделеді. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған нормалар қарастырылған, - деді депутат Асхат Аймағамбетов еңбек құқықтарын қорғау туралы заң жобасы жайлы.

Өзгелердің жаңалығы