Мәжілісте 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюжетке қанша қаражат бөлінетіні айтылды

1 Қыркүйек 2021, 15:55
2011
Бөлісу:
Мәжілісте 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюжетке қанша қаражат бөлінетіні айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР Ұлттық қорының 2022 және 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР заң жобасы бойынша қортынды әзірлеу жөнінде Қаржы және бюжет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов мәлім етті.

Аталған заң жобасында еліміздің Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюжетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін бекіту көзделеді. Ұлттық қордан республикалық бюжетке берілетін трансферттің көлемі 2020 жылы 2,4 трлн теңге мөлшерінде анықталды. 2023 жылы 2,2 трлн теңге ал 2024 жылы 2 трлн теңге мөлшері нде төмендетіледі. Қаржы және бюжет комитеті аталған заң жобасы бойынша 2025 жылдың 10 қарашасына дейінгі мерзімді қорытынды әзірлеуге дайын, - деді ол.

Сонымен қатар ол 2021-2024 жылдарға арналған бюжет туралы есеп берді.

Республикалық бюжет түсімдерінің жалпы көлемі 2022 жылы 13 трлн теңгені құрайды. 2023 жылы 12,9 трлн теңге, ал 2024 жылы 13, 4 трлн теңгені құрайтын болады. Шығыстардың жалпы көлемі 2022 жылы 15,9 трлн теңге, 2023 жылы 15,6 трлн теңге және 2024 жылы 16 трлн теңге соммасында көзделген. 2022 жылғы республикадағы бюжет тапшылығы 2, 9 трлн теңгені, 2022-2023 жылдары 2,6 трлн теңгені құрайтын болады, - деді Марат Құсайынов.

Өзгелердің жаңалығы