Мажарстанмен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды – СІМ

26 Қазан 2021, 14:08
16776
Бөлісу:
Мажарстанмен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Венгрия-Қазақстан арасындағы стратегиялық кеңесінің бесінші отырысы өтті. 

Аталған іс-шарада екі ел эпидемиологиялық жағдай мен экономика, білім беру және мәдени ынтымақтастық бағыттарын талқыланды. 


Біз өзара тиімді ынтымақтастықты, ең алдымен экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды тереңдету, сондай-ақ екіжақты сауданы ұлғайту арқылы оны одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өттік. Ауыл шаруашылығы, энергетика, «жасыл экономика», денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды, -деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді. 

Сонымен қатар министрдің айтуынша, конференция барысында Мажарстан мемлекетімен ауыл шаруашылығы, энергетика, «жасыл экономика», денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Өзгелердің жаңалығы