Мажарстан 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты бастады

28 Наурыз 2024, 19:27
277
Бөлісу:
Мажарстан 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты бастады
PHOTO
Фото: Туризм және спорт министрілігі

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясында Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың «Мәдияр-Тұран» Халықаралық қорының президенті Андраш Биромен (Мажарстан) кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өз сөзінде вице-министр қонаққа түркі әлемінің мәдени бірігуіне қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.

Профессор, антрополог, Мажарстанның көкпар және дәстүрлі спорт қауымдастығының президенті Андраш Биро «Мәдияр-Тұран» қоры бастаған «Ұлы Ғұн-Түркі құрылтайын» ұйымдастырады.

Мажарстан 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты бастады

Түркі халықтары арасындағы бауырластық байланыстарды нығайтумен айналысатын іс-шара екі жылда бір рет өтеді.

Еуропа құрлығындағы түркі халықтарының ежелгі тарихын, мәдениетін және көшпелі өмірінің дәстүрлі ойындарын насихаттаудағы жетістіктеріңізді мұқият қадағалап отырмыз. Сіз бастаған топтың алдыңғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көрсетілімдері әрдайым жарқын да қызықты болды. Және де Этноауылдың салтанатты ашылу рәсімі аясында мәдиярлардың киім үлгілері мен көрсетілімдері ерекше көзге түсті, - деп атап өтті Серік Жарасбаев.

Андраш Биро бастаған топ 2016 және 2018 жылдары Шолпан-атада (Қырғызстан) және 2022 жылы Изникте (Түркия) өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты.

Мажарстан 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты бастады

Айта кету керек, мәдиярлар көшпенділердің 5-ші мерейтойлық ойындарына дайындықты бастап та кеткен екен.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында біздің команда барынша толығымен қатысуға бел буып отыр. Өздеріңіз білетіндей, біз садақ ату, жамбы ату, көкпар және басқа да спорт түрлерінде мықтымыз. Ойындарға дайындықты бастап та кеттік. Қыркүйек айында, біз дәстүрлі түрде көрермендер мен ойын қатысушыларына ұмытылмас әсер сыйлаймыз деген үміттенеміз, - деді Андраш Биро.

Сондай-ақ, кездесуге 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров, Дирекция басшысының орынбасарлары Абылай Қондыбаев пен Мұратбек Қыпшақбаев және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері қатысты.

Мажарстан 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты бастады

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен 3000-ға жуық қатысушы атсалысады.

Астана қаласының ең үздік спорт алаңдарында 20 жарыстық және 10 көрнекі спорт түрінен жарыстар өткізіледі.

Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жектен жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құс салудың ұлттық түрлері, ат үстіндегі сайыстар, халық ойындары, сондай-ақ этникалық спорт түрлерінен көрсетілім қойылымдары бар.

Өзгелердің жаңалығы