Майра Мұхамедқызы Ресейде «Үздік опера әншісі» атанды

4 Сәуір 2021, 11:20
3642
Бөлісу:
Майра Мұхамедқызы Ресейде «Үздік опера әншісі» атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы Ресейде өткен халықаралық профессионал музыка номинациясының жеңімпазы атанды.

Әнші бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Майра Мұхамедқызы Ресейде «Үздік опера әншісі» атанды

Сүйінші!!! Сүйінші!! Россия Москва Большой театрда өткен «Браво» Халықаралық профессионал музыка номинациясы бойынша мені «Үздік Опера Әншісі» статуэткамен марапаттады! Менің еңбегімді шетел бағалап жатқанына марқайып қалдым! Аллаға мың шукір! Құттықтап қоярсыздар мені!, – деді ол.

Еске сала кетейік, Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалған болатын. 

ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі.

Ол 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген. Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген.

Репертуарындағы көптеген шығармалар Қазақстан сахнасында бұрын соңды орындалмаған. Опералық және концерттік репертуарын асқан талғампаздықпен таңдап, үлкен еңбекқорлық пен ізденістің үлгісін көрсетіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы