Майқұдықта жаңа «Жедел жәрдем» станциясы ашылды

30 Желтоқсан 2021, 18:37
1472
Бөлісу:
Майқұдықта жаңа «Жедел жәрдем» станциясы ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Бүгін Майқұдықта 11 бригада үшін «Жедел жәрдемнің» жаңа қосалқы станциясы ашылды. Бұл 12 «Жедел жәрдем»  машиналарына арналған гараж бокстары бар екі қабатты кең ғимарат. Күн сайын тек Майқұдық бойынша 150-ге жуық «Жедел жәрдем» дәрігерлерінің шығуы жүзеге асырылады. Ал вирустық инфекцияның өршуі кезінде олардың саны еселеп артады. Биыл 2-ші қосалқы станцияның қызметкерлері 45 мыңға жуық қоңырау бойынша жолға шықты, – деді ол жазбасында.

Майқұдықта жаңа «Жедел жәрдем» станциясы ашылды
Майқұдықта жаңа «Жедел жәрдем» станциясы ашылды

Оның сөзінше, «Жедел жәрдем» – бұл көп деңгейлі денсаулық сақтау жүйесіндегі ерекше буын.

Оның  қызметкерлері – тәуліктің кез келген уақытында науқастарға көмекке келетін білікті мамандар және уақытылы алғашқы көмек көрсетудің маңызы зор.

Майқұдықта жаңа «Жедел жәрдем» станциясы ашылды
Майқұдықта жаңа «Жедел жәрдем» станциясы ашылды

Сұрыптау ауданында тағы бір жаңа қосалқы станция ашылады, оның құрылысы аяқталуға жақын.

Майқұдықта жаңа «Жедел жәрдем» станциясы ашылды

Мереке күндері жарақаттану және көптеген аурулардың өршу қаупі артады. Соған байланысты сіздерден қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймын, – дейді Қарағанды облысының әкімі.

Өзгелердің жаңалығы