Маймыл шешегінен екінші еуропалық көз жұмды

31 Шілде 2022, 18:07
1475
Бөлісу:
Маймыл шешегінен екінші еуропалық көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропада маймыл шешегінен екінші адам қайтыс болды. Бірінші жағдай Испанияда тіркелген болатын.

 Бұл туралы  Хабар 24 хабарлайды. 

Ал әлем бойынша аталған аурудан 5 адам көз жұмған. Олардың барлығы – Африка елдерінің тұрғындары. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне байланысты медицина саласында төтенше жағдай жариялаған еді. 

Қазіргі сәтке дейін бұл вирусты 80-ге жуық елде 22 мыңнан астам адам жұқтырған.

Өзгелердің жаңалығы