«Маяк» және «Әлмерек» шағын аудандарында су құбырының құрылысы басталды

8 Маусым 2023, 11:35
627
Бөлісу:
«Маяк» және «Әлмерек» шағын аудандарында су құбырының құрылысы басталды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алматыда инженерлік желілерді жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Былтырдан бастап «Жас Қанат», «Нижняя Пятилетка», «Шуақты» шағын аудандарында және Закарпатская көшесінде сумен қамту (142,1 км) және кәріз (54,1 км) желілерін салу жұмыстары жалғасып келеді.

Мамыр айында «Маяк» және «Әлмерек» шағын аудандарында 54,1 км сумен қамту және су бұру желілерінің құрылысы басталды. Жоба жыл соңына дейін аяқталып, 1500-ден астам абонент қамтылады. Жұмыс аяқталған соң 2024 жылы асфальт төсеу жұмыстарына кірісеміз, - деді қала басшысы.

3 учаске бойынша – «Қайрат» шағын ауданында инженерлік желілерді жобалау жұмыстары жүргізілуде. Рысқұлов - Жансүгіров – Шолохов – Сейфуллин көшелерінің бөлігінде және Тоқай – Норильский – Поддубный – Диксон көшелерінің бөлігінде.

Өзгелердің жаңалығы