Май ауданында 1000 тонна өнімге арналған көкөніс қоймасы салынады – Павлодар облысы

27 Қаңтар 2021, 00:18
1362
Бөлісу:
Май ауданында 1000 тонна өнімге арналған көкөніс қоймасы салынады – Павлодар облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Көктөбе ауылындағы «Тілектес» шаруа қожалығы 1000 тонна өнімге арналған көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны – 150 млн теңгені құрайды. Бұл туралы тұрғындар алдындағы есеп беруінде Май ауданының әкімі Марат Ақтаев мәлім етті.

Баскөл ауылдық округінде 430 га жемшөп дақылдарын (жүгері) суаруды ұйымдастырып, Кеңтүбек ауылдық округінде бір мың гектар жерге жоңышқа егістігін өсіру көзделуде. Баскөл ауылдық округіндегі «Баскөл өнімі» шаруа қожалығымен 600 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасының құрылысы бойынша жоба іске асырылуда. Жобаның сомасы – 300 млн теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 2 мың 200 тонна сүт алуға мүмкіндік береді. Бес жаңа жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек, Кеңтүбек ауылындағы «Тарақты» шаруа қожалығымен 200 бас ірі қара малға арналған мал шаруашылығы кешенінің құрылысы салынады. «ҚазАгроПлем» шаруа қожалығымен 200 бас ірі қара малға арналған мал шаруашылығы кешенін салу жоспарлануда. Бұл екі кәсіпорынның әрқайсында да бес жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ «Қайнамакөмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 300 мың тонна көмір өндіру және теміржол саласы арқылы арнайы желісінің құрылысы жоспарда бар, - дейді Марат Ақтаев.

Аудан әкімінің айтуынша, 2020 жылы «Сыбаға» бағдарламасын іске асыру бойынша 1 130,5 млн теңге сомасына 4 шаруа қожалығы несиелендіріліп, 2118 бас ірі қара мал сатып алынған және 24 млн теңге сомасына 1 шаруа қожалығы несиелендіріліп, 600 бас қой сатып алынды.

Жалпы ірі қара мал басының саны 34004 басты (101,1%), барлық ет түрінің өндірісі 8163,9 тонна (103,9%) құрады.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында белгілі нәтижелерге қол жеткізілді. Елімізде ет шаруашылығын дамытуға бағытталған «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «АгроЭкспортПавлодар» ЖШС арқылы 240  млн теңге сомасына 400 бас импорттық ірі қара мал жеткізілді. Малайсары ауылының маңайында малшаруашылық базалардың құрылысы аяқталып, 15 жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта қосымша 1000  бас импорттық ірі қара әкелу және 30 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерінің бірі – суармалы жерлерді тиімді пайдалану. Аудан аумағында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жалпы ауданы 370 га суармалы жер бекітілген. 2021 жылы жалпы алаңы 5700 га суармалы жер  бойынша жұмыстар аяқталатын болады. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 8300 га дейін жеткізіледі, - дейді Марат Ақтаев.


Өзгелердің жаңалығы