Мавритания коронавирусты жеңген жалғыз ел атанды

27 Сәуір 2020, 13:26
1646
Бөлісу:
Мавритания коронавирусты жеңген жалғыз ел атанды

Алматы, BAQ.KZ. Мавритания коронавирус инфекциясын жеңгені туралы жариялаған алғашқы ел болып отыр. Бұл туралы ҚР коронавирусқа қарсы құрылған мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, бұл елде бірнеше күннен бері COVID-19-ды жұқтырған азаматтар тіркелмеген, сондай-ақ, бірде-бір өлім-жітім болмаған. Жалпы бұл елде қауіпті вируспен 17 адам ауырып шығып, бір адам көз жұмған. 

Мавританияда 13 наурызда коронавирус алғашқы адамнан анықталғаннан кейін вируспен күрестің стандарттық шаралары қабылданды. Атап айтсақ, шекаралар жабылып, барлық жиындарды өткізуге тыйым салынды, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жабылды. Бұған қоса, түнгі коменданттық сағат жарияланып, қалааралық тасымалдарға тыйым салынды,-делінген хабарламада. 
Сонымен қатар, Еуропалық Одақтың кейбір елдері карантин режимін жеңілдеткелі жатыр.

Еуропаның бірқатар мемлекетінің үкіметі бүгіннен бастап COVID-19 вирусының таратылуына байланысты енгізілген кейбір шектеу шараларын алып тастауға шешім қабылдаған.

Мәселен, Чехияда азаматтарға шетелге баруға, сондай-ақ үйден тыс жерлерде он адамнан аспайтын топтармен еркін жүріп-тұруға рұқсат етілген.

27 сәуірден бастап қызмет көрсету саласының кәсіпорындары мен дүкендер, фитнес орталықтары, кітапханалар мен хайуанаттар бақтары ашылады. Сондай-ақ, костелдер мен шіркеулерде Құдайға құлшылық етуге рұқсат берілуі мүмкін.

Ал, Хорватияда дүкендер ашылады, мамыр-маусым айларында қалааралық және халықаралық көлік қозғалысы іске қосылады, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің, спорт және мәдени орталықтардың жұмысы қайта жанданады.

Швейцарияда жалпы көмек көрсететін медициналық, стоматологиялық кабинеттер, сұлулық, массаж салондары, көлік жуу орындары және шаруашылық тауарларының дүкендері жұмыс істей бастайды.

Грекияда кейбір мемлекеттік қызмет органдары жұмысқа кіріседі. Ипотекалық кеңселер, әлемдік соттар және бірінші инстанциялы соттар ашылады.

Грузияда жеңіл автокөліктердің, таксидің қозғалысына рұқсат беріледі, онлайн-сауда, кез келген өнімдерді жеткізу сервистерінің және ашық аграрлық базарлардың жұмысы жаңартылады.

Коронавирус кең тараған Испания қатаң карантин режимін сақтайды. Мұнда 14 жастан кіші балаларға серуендеу үшін үйден шығуға рұқсат беріледі.

Ал, Италия Үкіметі осы жылдың соңына дейін шекараны ашпайтынын мәлімдеді. Туристік саладағы жұмыстар ішкі туризмде ғана атқарылмақ.

ИР мәдениет және туризм министрі Дарио Франческинидің айтуынша, шекараларды ашу туралы шешім коронавирус инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайға және әрбір жекелеген мемлекеттің саясатына байланысты қабылданады.

Бұл мемлекет ішкі туризмді дамытып, осыған байланысты табысы төмен отбасыларды қолдайтын болады. Субсидия бір отбасыға 500 евроға дейін болады. Бұл қаржы ел ішіндегі жазғы демалысқа беріледі. Мамыр айында 8 наурыздан бастап жабылған Италияның музейлері мен көрікті жерлерін ашу көзделген.

Өзгелердің жаңалығы