Маусымда жылдық инфляция 14,6% болды

19 Шілде 2023, 05:20
432
Бөлісу:
Маусымда жылдық инфляция 14,6% болды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

2023 жылдың маусым айында елде жылдық инфляция баяулап, 14,6% болды (мамырда – 15,9%). Инфляция барлық 20 өңірде бәсеңдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында тіркелді.

Маусымда азық-түлік тауарларының бағасы 14,6%-ға дейін (мамырда – 16,5%) баяулады. Осы топ тауарларының бағасы Маңғыстау облысында (17,2%) барынша жоғары, ал Алматы қаласында (12,7%) мейлінше төмен өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 15,8%-ға дейін баяулады (мамырда – 17,2%). Ең жоғары мән Астана қаласында (21,5%), ең төмен мән Алматы облысында (12,4%) тіркелді.

Маусымда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы13,3%-ға дейін баяулады (мамырда – 13,5%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Ұлытау облысында (17,3%) біршама жоғары, Абай облысында (10,7%) айтарлықтай төмен өсті.

2023 жылғы маусымда елде айлық инфляция 0,5%-ға өсті.

Өзгелердің жаңалығы