Маусым айында 180,1 мың автокөлік құралдары есепке қойылды

15 Тамыз 2023, 17:49
732
Бөлісу:
Маусым айында 180,1 мың  автокөлік құралдары есепке қойылды
Фото: BAQ.KZ - Архив

2023 жылғы маусымда есепке 180,1 мың бірлік автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе артық және соңғы бір жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, оның ішінде жеңіл автомобильдер 1,7 есе артты, автобустар – 2,3 есе артты және жүк автомобильдері 2,1 есе артқан.

Мәселен, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 951,9 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,9% – жеңіл автомобильдер, 10% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы 20 жылдан асқан көлік саны басым – 47,3%, 10 жылдан 20 жылға дейін – автопарктің 22,9%, 7-ден 10 жылға дейін – 13,8%, 3-тен 7 жылға дейін – 9,8% және автокөлік құралдарының тек 6,1% шығарылған жылы 3 жылдан кем.

Сонымен қатар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдер саны 8%, 1 910,2 мыңнан 2 056,1 мың бірлікке дейін өсті. 20 жылдан бұрын шығарылған жеңіл автомобильдер саны көп өңірлер: Алматы облысы – 323,4 мың бірлік, Алматы қаласы – 185,2 мың бірлік, Қарағанды облысы – 160,7 мың бірлік және Жамбыл облысы – 157,1 мың бірлік. Сонымен қатар шығарылған жылы 3 жылға толмайтын автомобильдер саны 310 мыңнан 265,7 мың бірлікке дейін, яғни 14% қысқарды. Шығарылған жылы 3 жылдан кем жеңіл автомобильдер санының қысқаруы Астана – 9,9 мың бірлікке, Шымкент– 8,4 мың бірлікке, Алматы қалаларында – 6,4 мың бірлікке және Түркістан облысында 6 мың бірлікке байқалған.

2023 жылғы маусымда 5 411 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7678 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 15,3%-ға азайды.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 30,8 млн теңге сомасына 55 598 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.

Маусым айында 180,1 мың  автокөлік құралдары есепке қойылды
Ұлттық статистика бюросы
Өзгелердің жаңалығы