Мәулен Әшімбаев Абайдағы өрттен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

15 Маусым 2023, 10:50
627
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев Абайдағы өрттен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
Фото: BAQ.KZ Архив

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысын Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтудан бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Абай облысында бәріміздің қабырғамызды қайыстырған жағдай болғанын білесіздер. Соған байланысты осы аптаны Жалпыұлттық аза тұту күнімен бастадық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге арнайы барды. Қайтыс болғандардың отбасыларына көмек жөнінде тиісті органдарға нақты тапсырмалар берді. Жалпы, өрт сөндіру жұмыстары және осы бағыттағы басқа да шаралар Президентіміздің тікелей бақылауында. Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына Сенат атынан тағы да көңіл айтамыз. Марқұмдардың имандары саламат болсын! Енді мұндай төтенше жағдай болмасын, - деді Сенат спикері.

Еске сала кетейік, сенаторлар «Семей орманы» кәсіпорнының қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына бір күндік жалақысын аударған болатын.

Өзгелердің жаңалығы