Бүгін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Масс-медиа туралы» заң жобасының тұжырымдамасын және заңнын алдын ала жобасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тұжырымдамада журналистердің мәртебесін арттыруға ықпал ететін, журналистердің құқықтарын кеңейту, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалау, өзін-өзі реттеу институттарын дамыту және телерадиохабарларды тарату саласындағы трендерді өзгерту жөніндегі бірқатар новелла бар.
Заң жобасының тұжырымдамасымен осы сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыздар.