Мәслихат әкімдіктен тәуелсіз болуы керек – саясаттанушы

19 Маусым 2024, 16:16
315
Бөлісу:
Мәслихат әкімдіктен тәуелсіз болуы керек – саясаттанушы
Фото: автордан

Мәслихат жергілікті әкімдіктердің көлеңкесінде қалып отыр. Еуразиялық интеграция институтының департамент басшысы Арман Ешмұратов осындай пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өлкенің саясаты жергілікті атқарушы органдар мен мәслихаттарға жүктеледі. Осы уақытқа дейін өкінішке қарай мәслихат өзін көрсеткен жоқ деуге болады. Оған себеп - 30 жыл қалыптасқан авторитарлық жүйе. Тәуелсіздік жылдары жергілікті өкілетті органдар туралы алғашқы заңда болған еді. Онда мәслихаттардың құқығы жоғары болатын. Олар өлкенің, елді мекеннің бюджетін де тексере алатын. 2000 жылдардан бастап мәслихат өз орнын таппай қалды. Өзін-өзі басқару жүйесіне ене алмай қалды, – деді ол "Қазақстан өңірлеріндегі өкілді билік органдары: жұмыс істеу мәселелері мен перспективалары" тақырыбында өткен талқылауда.

Сарапшының сөзінше, мәслихат депутаттарының құзіретін күшейту үшін елімізге шетелдің озық тәжірибесін әкелу керек.

Шетелдің тәжірибесін алған кезде оның тек жеке элементін емес, тұтас жүйесін алуға тиіспіз. Біздің қателігіміз неде? Біздің шетелдік тәжірибелердің тек кішкентай ғана бөлігін аламыз. Кейін салдарынан дұрыс жүйе қалыптаспай, нәтиже болмай жатады, – деді ол.

Саясаттанушының сөзінше, мәслихаттар жергілікті биліктен тәуелсіз болуы керек.

Елімізде демократиялық тәуелсіз институттар қалыптасуына жағдай жасалған жөн. Керісінше, мәслихаттарға жергілікті атқарушы билік тәуелді болуы қажет. Мәселе ашық айтылып, талқылануы керек. Мәселен, Чехияда мәслихат депутаттары сайланған кезде олар өзінің арасынан жергілікті биліктің басшысын сайлайды. Яғни әкімдік пен мәслихат бірге жұмыс істейді. Қазіргі кезде мәслихат депутаттарының құзіретінде шектеу көп. Соның кесірінен депутаттар көп мәселелерді қозғай алмай келеді. Сондықтан ашықтық бәсекелестік қажет, - дейді Ешмұратов.

Өзгелердің жаңалығы