Мәскеу студенттері тыйым салынғаннан кейінгі алғашқы Наурызды қалай тойлады?

20 Наурыз 2024, 14:06
424
Бөлісу:
Мәскеу студенттері тыйым салынғаннан кейінгі алғашқы Наурызды қалай тойлады?
Фото: скриншот

Бұл туралы Наурыз-марафонда сол кезде Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті болған Еуразия ұлттық университетінің проректоры Жанна Құрманғалиева айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәскеуде мәдениетті насихаттаумен айналысатын "Мұрагер" атты қазақ жастар ұйымы бар. Соның ұйымдастыруымен біз 1989 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің сахнасында 4 сағаттан артық концерттік бағдарлама өткізген болатынбыз. Сол концертке тек қазақтың студенттері ғана емес, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, түркімендер, башқұрттар, татарлар қатысқан болатын, – деді ол.

Жанна Құрманғалиева сол концертте жүргізуші болғанын айтады. Ол сондай-ақ Наурызды тойлау ұлттық мәдени кодымыздың ажырамас бір бөлігі екенін атап өтті.

Наурыз – әлемнің ең құнды мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтары оны 5000 жылдан артық уақыт тойлайды. Бірақ совет заманында 1926 жылдан бастап 1988 жылға дейін бұл мерекеге тыйым салынған болатын. 1989 жылы Наурыз мерекесін тойлау қайта жанданды, – деді проректор.

Өзгелердің жаңалығы