Машина жасау: Қазақстан көрші елдермен бірлесіп жаңа техникалар шығарады

1 Тамыз 2023, 10:46
872
Бөлісу:
Машина жасау: Қазақстан көрші елдермен бірлесіп жаңа техникалар шығарады
Фото: Арман Мухатов

2028 жылға дейін 1 трлн 700 млрд теңгеге 151 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр биыл 217 млрд теңгеге 29 жобаны іске асыруды көздеп отырғанын айтады.

Оның сөзінше, жоспардағы жобалардың ішінде Ресей, Қытай, Өзбекстандағы серіктестермен іске асыратын біріккен жобалар да бар.

Мәселен, Өзбекстанмен бірлесе отырып, автомобиль өндірісі ұйымдастырылды (Chevrolet ONIX), сондай-ақ, тұрмыстық техника мен лифт жасау бойынша да жобалар іске асырылып жатыр. 

Ресейлік серіктестермен алюминийден жасалған дисктер, сондай-ақ, теміржол машина жасау секторына арналған құрамдауыш бөлшектер (жылжымалы т/ж құрамы үшін серіппелер, жұп доңғалақтар және т.б.) өндірісін ұлғайтамыз. Қытайлық инвесторлар бұрғылау қондырғыларының және ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін дамытуға қолдау көрсетеді, – деп мәлімдеді Индустрия министрі.

Еске сала кетсек, министр елде машина жасау саласы 17,6 пайызға өскені туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы