Машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі 18,5% артты

31 Желтоқсан 2021, 18:45
1547
Бөлісу:
Машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі 18,5% артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың 11 айының қорытындысында осындай көрсеткіш тіркелді. 

Өсім келесі салаларда өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты болды: 

- Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі - 21,3%, 

"СарыарқаАвтоПром" ЖШС (жеңіл және жүк көліктері) - 50 012 бірлік, өсім 42%, 

 "СемАЗ" ЖШС (жүк көліктері) - 3 782 бірлік, өсім 40%, 

 "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС (жеңіл автомобильдер) – 26 636 бірлік, өсім 4 есе, 

 "Hyundai Trans Auto" ЖШС (жүк көліктері) - 690 бірлік, өсім 4%, 

 "Камаз-Инжиниринг" АҚ (жүк көліктері) – 1 388 бірлік, өсім 30,6 %, 

 "Уральскагрореммаш" АҚ (жүк автомобильдері және арнайы техника) – 1388 бірлік, өсім 30%, - өзге де көлік құралдары (теміржол техникасы) 56,7%, 

 "ЗИКСТО" АҚ (платформа-вагондар) - 786 бірлік, өсім 2,6 есе, 

"Қазақстан вагон жасау компаниясы" ЖШС (жүк вагондары) – 1000 бірлік, 2020 жылы өндіріс жүзеге асырылмады. 

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар (ауыл шаруашылығы техникасы) 33%, 

 "Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС (тракторлар, комбайндар) - 2046 бірлік, өсім 2 есе, 

 "Қостанай трактор зауыты" ЖШС (трактор) – 377 бірлік, өсім 2,1 есе, 

 ЧК Kazrost Engineering ltd (тракторлар, комбайндар) - 694 бірлік, өсім 1,5 есе,

 "СемАЗ" ЖШС (трактор) – 1 046 бірлік, өсім 3 есе,

 "МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты" ЖШС (трактор) – 947 бірлік, өсім 2,8 есе, - компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісінің көлемі 6,6%. 

 машиналар мен жабдықтарды жөндеу 5,2%.

Өзгелердің жаңалығы