Мәшһүр Жүсіптің таңдамалы шығармалар жинағының 10 томдығы жарық көрді

13 Тамыз 2023, 21:46
700
Бөлісу:
Мәшһүр Жүсіптің таңдамалы шығармалар жинағының 10 томдығы жарық көрді
Фото: gov.kz

Мәшһүр Жүсіптің мерейтойы аясында ғұламаның таңдамалы шығармалар жинағының 10 томдығы жарық көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Баянауыл ауданында өткен салтанатты рәсімде «Мәшһүр жол» аудио кітабы да таныстырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі», – деп атап көрсетіп, «адал азамат» концепциясын алға тартқаны белгілі. Сонау ілкі ғасырлардан бастау алған «кемал адам» ілімі мен «толық адам» ұстынынан тамыр тартып, ұлттың болмысын қалыптастыратын осы ұлттық қасиеттердің асыл арқауын жалғаған бірегей абыздарымыздың бірі Мәшекең деп санаймыз, - деді жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Өзгелердің жаңалығы