"Мас директор, ескі ғимараттар". Прокуратура лагерлердегі заң бұзушылықтарды тізіп берді

4 Тамыз 2023, 16:44
1394
Бөлісу:
"Мас директор, ескі ғимараттар". Прокуратура лагерлердегі заң бұзушылықтарды тізіп берді
Фото: ҚР Бас Прокуратурасы

Прокуратура балалар лагерлеріндегі заң бұзушылықтар туралы хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і өз қызметін уәкілетті органдардың рұқсатынсыз, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы ережелерді бұзу арқылы жүзеге асырған. 

"Мас директор, ескі ғимараттар". Прокуратура лагерлердегі заң бұзушылықтарды тізіп берді

Әрбір екінші балалар мекемесінің ойын және спорт алаңдарында қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталды. Ескі жатын-орындары күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл ретте, 4 балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 немесе одан да көп адам орналастырылған. «Бәйтерек» (Қонаев қаласы) лагерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына қайшы, балалардың демалысы мен білім алуы дұрыс ұйымдастырылмаған. Қапшағай су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Оның үстіне, аталмыш лагерь директоры жұмыс орнында мас күйінде болған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 440-бабы), - делінген ведомство хабарламасында.

"Мас директор, ескі ғимараттар". Прокуратура лагерлердегі заң бұзушылықтарды тізіп берді

Прокуратура мәліметінше, тексеру қорытындылары бойынша балалар лагерлері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру (ҚК 140-бабының 2-бөлігі) басталды.

"Мас директор, ескі ғимараттар". Прокуратура лагерлердегі заң бұзушылықтарды тізіп берді
Өзгелердің жаңалығы